×
501.49
525.71
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.49
525.71
5.77

Өзбекстанның сыртқы қарызы $5 миллиардқа өсті: мөлшері бәрібір Қазақстаннан 4 есе аз

Бүгін, 18:35
Өзбекстанның сыртқы қарызы $5 миллиардқа өсті: мөлшері бәрібір Қазақстаннан 4 есе аз
ашық дереккөзден

2024 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 5,3 млрд долларға өсіп, 40,2 млрд долларға жетті. Несиелер негізінен үкіметтің жоғары шығындары аясында мемлекеттік бюджетті қолдау үшін тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

ӨЗБЕКСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫ

Өзбекстанға ең ірі несие беруші – Дүниежүзілік банк.

Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 40,2 млрд долларға дейін өсіп, бір жыл ішінде 5,27 млрд долларға артты. Бұл туралы сол елдің экономика және қаржы министрлігінің сайтындағы деректерде айтылған.

Сыртқы қарыз мемлекеттік және жеке қарыздан тұрады. Алайда бұл жаңалықта мемлекеттік қарыз туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен қатар, «жеке» секторда негізінен мемлекеттік үлесі бар компаниялар мен банктер өкілдік ететінін атап өткен жөн. Мемлекет банк секторының шамамен 68% ие, сондай-ақ UzAuto Motors және «Өзбекмұнайгаз» сияқты компанияларға иелік етеді немесе олардың үлестеріне ие. Сонымен бірге, ӨР ұлттық банк пен «Өзпромқұрылысбанк» секілді қаржы институттары миллиардтаған долларлық борыштық міндеттемелерді шығарған.

Өзбекстанның мемлекеттік қарызының жалпы ішкі өнімге қатынасы 34,4%-дан 35%-ға дейін өсті.

Осы кезеңде мемлекеттік сыртқы қарыз 4,08 млрд долларға артып, 33,72 млрд долларға (ЖІӨ-нің 29,3%-ы) жетті.

Мемлекеттік ішкі қарыз 1,19 млрд долларға өсіп, 6,48 млрд долларға (ЖІӨ-нің 5,6%-ы) жетті.

Мемлекеттік сыртқы қарыздың үлесі 84%-ды, ал ішкі қарыздың үлесі 16%-ды құрады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫ

Қазақстанның сыртқы борышы жайлы мәліметті Ұлттық банк былтыр жылдың соңында хабарлаған еді. Оның мөлшері 2024 жылдың басынан бастап жылда 2,3 млрд АҚШ долларына (бұдан әрі – доллар) ұлғайып, 2024 жылғы 1 қазанда 165,8 млрд долларды құраған. Қазақстанның сыртқы борышының құрылымында өтеу мерзімі бойынша 87,2% ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) сыртқы борышқа тиесілі, бұл бір жағынан, өтімділік тәуекелдерін азайтады, ал екінші жағынан – жалпы нарықтық талаптар өзгеруінің борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге әсерін күшейтеді.

Қазақстан сыртқы борышының қаржы құралдарының түрлері бойынша құрылымында бейрезиденттерден тартылған несиелер мен кредиттер (74,1%) басым болған.