×
501.49
525.71
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.49
525.71
5.77

«Қазхромдағы» өрт: оқиғаның мән-жайы айтылды

Бүгін, 18:55
«Қазхромдағы» өрт: оқиғаның мән-жайы айтылды
Жасанды интеллект/Ulysmedia

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция мәліметінше, сутегі шығарындысы орын алған, соның салдарынан төрт адам термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға салдарынан төрт жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді. Екеуі травматология бөліміне жатқызылды, біреуі үйіне жіберілді, ал біреуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, – деп хабарлады медицина қызметкерлері.

КОМПАНИЯ НЕ ДЕДІ

«Казхром» компаниясының мәліметінше, Дон тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасындағы өндірістік блокта бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде ауа ортасының қысқа мерзімді тұтануы орын алды.

Оқиға салдарынан төрт жұмысшы түрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып, себептері жойылғанға дейін шахтадағы өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды», – деп хабарлады «Қазхром» компаниясы.

ERG

Еуразиялық «үштіктің» – Машкевич, Шодиев және Ибрагимовтың империясындағы нағыз «інжу-маржан» болып саналатын «Қазхром» ТНК» АҚ Қазақстандағы ең ірі тау-кен және металлургия кәсіпорындарын біріктіреді. Олардың қатарында Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары мен Дон тау-кен байыту комбинаты бар.

Аталған компаниялар тобын бұрын біз зерттеген едік. Eurasian Resources Group (ERG) активтері туралы мәліметтерді жинаған кезде байқағанымыз: еліміздегі негізгі стратегиялық нысандар осы үштіктің уысында екен. Алюминий өндіру, хром, темір, көмір өндіру, т.б. маңызды өнеркәсіп осылардың ашқа алақанында, жұмса жұдырығында болып шықты. Бұл – еліміздің басты байлығы деген сөз. Бір таңқаларлығы, бұл адамдар Қазақстан азаматы да емес. Сонда қалай болғаны? Мұның жауабын «Ескі Қазақстан» «оқулығының» парақтарынан іздеу керек.