×
501.49
525.71
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.49
525.71
5.77

«Зеленский бейбітшілікке дайын емес» - Трамп

Бүгін, 23:50
«Зеленский бейбітшілікке дайын емес» - Трамп
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚ ҮЙДЕГІ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін өз пікірін білдірді.

"Бүгін Ақ үйде өте маңызды кездесу өтті. Біз мұндай қысым мен шиеленіс жағдайында әңгімелеспейінше түсіну мүмкін емес нәрселерді білдік. Эмоциялар арқылы көрініс табатын жайттар таңғаларлық. Мен Зеленский мырзаның бейбітшілікке дайын емес екенін анықтадым, егер Америка келіссөздерге араласатын болса. Себебі ол біздің қатысуымыз оған үлкен артықшылық береді деп есептейді. Маған артықшылықтың қажеті жоқ, мен бейбітшілік орнағанын қалаймын. Ол АҚШ-қа және олардың қасиетті кабинетіне құрметсіздік танытты. Ол бейбітшілікке дайын болғанда ғана қайта орала алады", – деді Трамп.

АҚШ ПЕН УКРАИНА АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ ЖОЙЫЛДЫ

Fox News басылымының мәліметінше, АҚШ пен Украина арасындағы сирек кездесетін металдарға қатысты келісімнің күшін жою туралы шешім қабылданды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Трамп пен Зеленский кәдімгідей дауыс көтеріп эмоцияналды түрде ұрысып жатқанын жазған едік. 

ТРАМП: УКРАИНА РЕСЕЙМЕН КЕЛІССӨЗДЕРДЕ КОМПРОМИСС ЖАСАУҒА ТИІС

Келіссөз барысында Трамп Украина президентіне Ресеймен келіссөздерде компромисс жасау қажеттігін айтып, АҚШ-пен келісім жасауды ұсынды. Ол Вашингтонның Мәскеумен бейбіт келісім шарттарын талқылай бастағанын мәлімдеді.

ТРАМП ПЕН ЗЕЛЕНСКИЙ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТАН ҮЗІНДІ

“Біз сізге 350 миллиард бердік. Сіз қазір қиын жағдайдасыз. Сіз «мен соғысты тоқтатқым келмейді» деп айта алмайсыз. Біздің қаруымыз болмаса, бұл соғыс бірден аяқталатын еді” – Трамп Зеленскийге.

Трамп пен Зеленский арасындағы дау одан сайын қыза түсті. 

- Үш күн ішінде мен мұны Путиннен де естідім, –  деді. Зеленский.

Тіпті Трамп өз әдетінше қағытып Зеленскийдің киіміне де тиісті. 

 – Сізде костюм бар ма өзі?

 – Иә, менде бар.

- Кейбір америкалықтар сіздің ресми стильді құрметтемейтініңізге наразы.

Әлем назары дәл қазір Ақ үйде болып тұр.