×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Темір жолдағы апат: адамдарды тасымалдауға 10 автобус жұмылдырылды

Бүгін, 16:01
Темір жолдағы апат: адамдарды тасымалдауға 10 автобус жұмылдырылды
ҚТЖ баспасөз қызметі

Атырау облысының Теңдіс станциясындағы темір жол өткелінде болған жол апатына байланысты кейбір бағыттағы жолаушылар пойызы кешігуі мүмкін деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған 2 қалпына келтіру пойызы мен 6 автокөлік жұмылдырылған.  

Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты Маңғышлақ-Атырау, Ақтөбе-Атырау, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Атырау, Волгоград-Ташкент жолаушылар пойыздары кешігеді. Атырау облысының әкімдігі Қарабатан станциясынан Атырау вокзалына дейін жолаушыларды тасымалдауға 10 автобус ұйымдастырды, - деп хабарлады ҚТЖ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Атырау облысы Теңдік станциясындағы темір жол өткелінде «КамАЗ» бен жүк пойызы соқтығысып, апат салдарынан локомотив бригадасының жұмысшылары зардап шеккен. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шыққан.