×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

+20 градус: Наурызда ауа райы қандай болады

Бүгін, 17:02
+20 градус: Наурызда ауа райы қандай болады
Ашық дереккөздерден алынды

Синоптиктердің болжамынша наурыз айында ауа райы құбылмалы болады. Дегенмен алғашқы онкүндікте республикалық барлық өңірінде күн жылынады, оңтүстік аймақта ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жалпы биыл наурызда күн райы әдеттегіден жылы болады деп болжанып отыр.

Бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аумағында нормадан 2 градусқа жоғары болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты нормадан көп жауады. Әсіресе, еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерінде нормадан асады, - деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктер наурыздың алғашқы онкүндігінде күн жылынып, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +20 градусқа дейін көтерілетінін айтады. Алайда іле-шала күн күрт суытуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Екінші онкүндікте республиканың солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -10-15 градустан -5+3 градусқа дейін, күндіз -2-13 градустан +2+10 градусқа дейін болмақ. Ал оңтүстік аймақтарда түнде -5+5 градустан +2+10 градусқа дейін, күндіз +3+8 градустан +10+20 градусқа дейін болады.

Үшінші онкүндікте Қазақстанның басым аумағында жылы ауа райы сақталады.

Жалпы, мамандар ай көлемінде ауа райы құбылмалы болады деп болжам жасап отыр.