×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Өзбекстанның банк қызметкерлері зейнеткерлер мен көпбалалы аналардың ақшасын жымқырған

02.03.2025, 08:00
Өзбекстанның банк қызметкерлері зейнеткерлер мен көпбалалы аналардың ақшасын жымқырған
Шартты сурет

Өзбекстанның Ферғана облысы, Қоқан қаласында банк қызметкері зейнетақы мен материалдық көмек қаражатын заңсыз жолмен иемденген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz kun.uz-ге сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Басылым жазғандай, «Халк банки» әмбебап банктік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары өзара сөз байласып, бюджет қаражатын ұрлау үшін компьютерлік технологияларды пайдаланатын топ құрған. Олар алдын ала келісіп, банктің бағдарламалық қамтамасыз ету орталығының екі қызметкерінің логині мен паролін пайдалана отырып 68 азаматқа арналған банк карталарын заңсыз жолмен ресімдеген. Содан кейін банкомат арқылы банк карталарында жатқан 104 миллион сум ақшаны шешіп алған.

Аталған факт бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  167-бабы, 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды (иемдену немесе жұмсау арқылы жымқыру). 

Күдіктілерге ең төменгі жалақының 300-ден 600-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, үш жылға дейін түзеу жұмыстарына міндеттеу немесе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Егер келтірілген залал өтелсе, бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды.