×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Бізден басып алған жерлерді Ресейдікі деп ешқашан мойындамаймыз – Зеленский

03.03.2025, 13:16
Бізден басып алған жерлерді Ресейдікі деп ешқашан мойындамаймыз – Зеленский
Ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей оккупациялаған аумақтардың аннексиясын Киев ешқашан мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зеленский сондай-ақ аннексияны бейбіт келісімге қол жеткізу үшін қажет болған жағдайда да мойындамайтынын атап өтті.

Ресей басып алған аумақтарды Киев әрдайым "уақытша оккупация" деп санайды, тіпті қазіргі кезде елде Ресей әскерін толықтай ығыстыруға жеткілікті әскери күш жоқ болса да солай болады, деп мәлімдеді Украина басшысы, деп жазады DW.

Біздің жеріміз де, құндылықтарымыз да сатылмайды. Біздің азаттығымыз сатылмайды. Ресей бізді осы жағдайға итермелегені үшін біз үлкен құн төлеп жатырмыз" – деді Зеленский.

Украина тек сенімді қауіпсіздік кепілдіктері ұсынылған жағдайда ғана атысты тоқтату туралы келісімді қабылдайды, деп толықтырды ол.

Ақ үйде Украина президенті Зеленскийдің АҚШ президенті Трамп пен вице-президент Вэнспен ашық дауынан бір күн өткен соң украин көшбасшысын Ұлыбритания билігі Лондонда зор құрметпен қарсы алған еді. Зеленский Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер ұйымдастырған еуропалық көшбасшылар саммитіне қатысып, кейін Сандрингемдегі резиденциясында король ІІІ Карлмен кездесті. Саммиттің басты мақсаты – «соғысты тоқтату жоспарын әзірлеу» болды, деп мәлімдеді оның ұйымдастырушысы Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер. Оның айтуынша, бұл жоспар кейін АҚШ-пен талқыланып, содан кейін бірлесіп іске асырылады.