10 ақпаннан бері 30 жыл бұрын түсірілген «Тоғысқан тағдырлар» сериалы қайтадан көрсетіле бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Хабар" телеарнасы 1996-2000 жылдары түсірілген “Тоғысқан тағдырлар” сериалын қайта көрсете бастады. Арна сериалдарды бірінен кейін бірін жүктеп жатыр. 20 серияда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бұлыңғырланып берілген. Бсериал YouTube платформасына жақсартылған сапада жүктелген.
СЕРИАЛ ЖАЙЛЫ
«Тоғысқан тағдырлар» телехикаясы 1996-2000 жылдар аралығында түсірілген. Оның 465 бөлімі көрсетілді. ТМД елдері медиафорумының нұсқауы бойынша ол 1998 жылдың үздік телехикаясы танылып, қазақ көрермені арасында үлкен рейтиңге ие болды. Ұзақтығы жағынан содан бері ешбір сериал «Тоғысқан тағдырлардан» асып түсе алмады.