×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Босқа қараламаңыздар – «декретке миллионмен» курсын өткізген депутат Мұқаев мәлімдеме жасады

Бүгін, 17:52
Босқа қараламаңыздар – «декретке миллионмен» курсын өткізген депутат Мұқаев мәлімдеме жасады
ашық дереккөзден

Депутат оқырманына "өтірік жеке кәсіп ашпаңыздар" деп ескерткенін жазады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Декретке бірнеше миллион ақшамен шығуды көздеген бірнеше әйелдің заңға тартылып жатқаны турасында ақпарат тарағалы жұрттың көбі депутат Дәулет Мұқаевқа шүйліккен. Шүйлігетіндей жөні бар. Мұқаев депутат болмай тұрып, “Декретке миллионмен” курсын өткізіп, ақша тапқан. 

2023 жылға дейін «Декретке миллионмен» сабағымда бар нәрсені түсіндіргеніме кейбір адамдардан ғайбат естудемін! Олар 100 пайыз менің сабағыма қатыспағандар! Сондықтан, мені босқа қаралап, күнә арқаламаңыздар! 

Мен егов.кз сайтындағы мәліметті қарапайым тілмен түсіндірген адаммын. Сенбесеңіздер, сілтеме қойдым. Тіпті бұл сайтта, 1 млн емес, заңды табысқа сай 2,5 млн до родовой алатын формуланы көрсеткен. Ал менің сабақтарымда осыны қарапайым тілмен түсіндіргенмін. 2 сағаттық видеомда бір емес, 7 рет “өтірік ИП ашпаңыздар” деп ескерткенмін, – дейді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, былтыр 1 миллион 400 мың әйелге 958 миллиард теңге төленген. Алайда 113 келіншек табысын жасанды түрде көбейтіп, жоғары мөлшерде төлем алу үшін түрлі заңсыздықтарға барған. Соның салдарынан олар 158 миллион 400 мың теңгені заңсыз жолмен алған. Ал кейінгі жарты жылда 1,5 мыңға жуық адам табысын жасанды түрде көбейткенін мойындап, мемлекетке 3,4 миллиард теңгені қайтарған.