×
499.11
521.12
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.11
521.12
5.58

Ақын әуежайда келеңсіз жайтқа тап болды: FlyArystan асабаның өзінен көрді

Ақын әуежайда келеңсіз жайтқа тап болды: FlyArystan асабаның өзінен көрді
Ашық дереккөзден

FlyArystan Семей әуежайында келеңсіз жағдайға тап болған белгілі ақын әрі асаба Әлібек Серғалиевке жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КОМПАНИЯ НЕ ДЕЙДІ

FlyArystan компаниясының Семей – Астана бағытындағы FS7352 рейсі ұшақтың кеш келуіне байланысты жоспарланған уақыттан 30 минутқа кешігіп ұшқан. Компания рейстерді уақтылы орындауға тырысатынын, сонымен қатар, әуекомпания үшін қауіпсіздік басты басымдық екенін атап өтті.

FlyArystan әлемдік лоукостерлердің ортақ ережелеріне сәйкес қызмет атқарады. Әуекомпанияның тасымалдау ережелеріне сәйкес, әр жолаушы бортына 5 келіге дейінгі, өлшемдері 56х23х36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгін алып өте алады. Бұл оқиға бойынша, ақын Әлібек Серғалиев жалпы салмағы 8 келіден асатын екі сөмкені қолжүк ретінде алып өтуге тырысқан.

- Бұл компанияның тасымалдау ережелеріне сәйкес келмеуіне байланысты, әуекомпания қызметкерлері тарапынан жолаушыға сөмкелерді біріктіру немесе қолжүк салмағын 10 келіге дейін ұлғайту қызметін рәсімдеуді ұсынылған. FlyArystan жолаушыларға тасымалдау ережелерімен билет сатып алғанға дейін және сатып алу барысында танысу мүмкіндігін ұсынады. Билетті сатып алу арқылы жолаушы ережелерге келісім беретінін растайды. Сондай-ақ, әуекомпанияның қолжүгін тасымалдауға қатысты толық ережелері ресми сайтта қолжетімді, дейді компания өкілдері. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, әуежай қызметкерлері белгілі ақын әрі асаба Әлібек Серғалиевтің костюм-шалбарының салмағы асып кетті деп қосымша ақша төлеуді талап еткен. Ақынның айтуынша, бұл әрекет ешқандай этикалық нормаларға сай емес.

"Мынау костюм шалбар перевес болғаны үшін Семейдің әуежайында өткізбей жатыр. Мынаған ақша төле дейді. Немесе үстіңе киіп ал да кет дейді. Ұшақтың өзі кешігіп жатыр. Ешқандай этикалық тұрғыда дүние жасап жатқан жоқ", — дейді Әлібек Серғалиев.

"ФЛАЙ АРЫСТАННЫҢ" ӘДІЛЕТСІЗДІГІ МЕ?

Серғалиевтің айтуынша, әуежай қызметкері оның әр қимылын аңдып, тіпті ұялмай сол жерде тұрған. Бұл жағдай ақынды ашуландырғаны соншалық, ол әдейі сол костюмді үстіне киіп алған.

"Әдейі үстіме киіп алам да осы костюмді өтемін. Соны мына қыз аңдып тұр. Соған ұялмайсыз ба?! Айналдырған граммдарға бола... Бәрібір өттім. Флай Арыстан нөл", — деп наразылығын білдірді ақын.

Әлібек Серғалиевтің айтуынша, бұл әрекет тек оның өзіне ғана емес, жалпы қарапайым халыққа жасалған әділетсіздік.