Әлеуметтік желіде Қостанай облысында полицейлер мен "Лексус" жүргізушісінің "тіресіп" қалған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВИДЕО
Видеода патрульді полиция қызметкері жол талғамайтын көліктің иесін тасжолда тоқтатқанын көруге болады. “Лексус” жүргізушісі 11 жыл жол полициясы болып істегенін айтып, былапыт сөздер айта бастайды.
- Менің көлігімнің нөмірін жаттап ал, деп “Лексус” жүргузішісі кетіп қалады.
ТЕКСЕРІС
Қостанай облыстық полиция департаменті оқиға 4 ақпанда Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында болғанын айтады.
- Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тәртіптік комиссияның шешімімен кінәлі жүргізушінің жауапкершіліктен құтылуына жол берген екі патруль қызметкері де қызметтерінен босатылды, делінген полиция жауабында.
Полиция департаментіндегілер “Лексус” жүргізушісі ҚР ІІМ Қостанай академиясының магистратурасының студенті екенін атап өтті.
“Наша газета” мәліметінше, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі 1 наурыздан бері денсаулығына байланысты демалыста. Оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
- Магистрант қызметіне оралған бойда ең қатаң тәртіптік шаралар қолданылады, дейді полицейлер.