×
499.11
521.12
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.11
521.12
5.58

«Раймнан да әдемі»: әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі тұрмысқа шыққалы жатыр

Бүгін, 23:25
«Раймнан да әдемі»: әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі тұрмысқа шыққалы жатыр
Әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі, блогер Наргиза Рамазанова жақында тұрмысқа шығатынын жариялап, әлеуметтік желіде қуанышын бөлісті. Бұл жаңалық көпшіліктің назарын аударып, қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

ЖЕЛІДЕ ЖАРИЯЛАДЫ

Наргиза өзінің Instagram парақшасында ұсыныс жасалған сәттің фотосын бөліскен.

"Әдеттегідей кеш болған. Бірақ ұмытылмас күнге айналды. Мен 'Иә' дедім", – деп жазды. Желі қолданушылары оны құттықтап, бақыт тіледі.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны әртүрлі қабылдады. Бірі “Құтты болсын, Раймнан да әдемі” десе енді бірі “Ерке қуанып жатқан шығар” деп әзілге бұрды. 

Кей азаматтар құпия жігіттің кәсіпкер екенін, қымыз өндірумен айналысатынын жазды. 

РАЙМ МЕН ЕРКЕНІҢ ОҚИҒАСЫ

Наргиза Рамазанова мен Райм (шын аты Райымбек Бақтыгереев) жеті жыл бойы бірге болып, тіпті қыркүйек айында үйленуді жоспарлаған еді. Алайда, олардың қарым-қатынасы аяқталып, кейіннен Райм әнші Ерке Есмаханмен жұп құрды. Бұл жағдай қоғамда үлкен қызығушылық тудырды, себебі Ерке Есмахан Райымбектен 12 жас үлкен.

Қазіргі уақытта Райм мен Ерке Есмаханның отбасы толықтырылып, олар екінші сәбиін күтіп жүргені белгілі болды.