×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Мәжілісте балаларға әлеуметтік желіге кіруді шектеу мәселесі тағы көтерілді

Мәжілісте балаларға әлеуметтік желіге кіруді шектеу мәселесі тағы көтерілді
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы балаларға әлеуметтік желіге кіруді шектеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Депутат әлеуметтік желі рухани-мәдени зиян келтіріп отырғанын айтады. 

- Халықаралық Kaspersky Lab компаниясы өткен жылы жүргізген сауалнамаға назар аударсақ, санаға салмақ түсіріп, көңiлге мұң әкеледi. Оның деректеріне сүйенсек, Қазақстандағы балалардың 88%-ында жеке смартфон бар. Ал оның 28%-ыбарлық бос уақытын гаджетте өткізетіні белгілі болды. Жасөспірімдердің 74 пайызы TikTok-ты, 59 пайызы – YouTube-ты, 57 пайызы – Instagram-ды белсенді пайдаланады. Әрбір бесінші ата-ана өз баласының әлеуметтік желілердегі парақшасында қандай ақпарат жарияланғанын білмейді, дейді депутат. 

Ол ата-аналардың 62%-ы балаларының экран алдындағы уақытын бақылау үшін ешқандай арнайы бағдарлама мен шектеу қолданбайтынын айтады. 

- 4-6 жас аралығындағы балалардың 17 пайызы интернет арқылы сатып алулар жасайды. Бұл ата-аналарға қаржылық шығын келтіріп қана қоймай, бала үшін де қауіп төндіретіні айтпасақ та түсінікті. Әлеуметтік желіге деген тәуелділіктің зардабы тым ауыр. Қазір Оңтүстік Корея мен Канада ондаған сауықтыру орталығынашып, заманауи гаджеттерге тәуелділерді сауықтыруды қолға алды. Желіге желіккендер психологиялық, физикалық, әлеуметтік қиындыққа тап келуде. Мысалы, Гонконг Қытай университетінің зерттеулері бойынша, интернетке тәуелді жасөспірімдерарасында психологиялық ауытқуларға тап болу көрсеткіші, дейді Жарқынбек Амантайұлы. 

ҰСЫНЫС

Депутат осыған байланысты бірнеше ұсыныс жасады.

  1. Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомствааралық топ құрып, әлеуметтік желілердің өскелең ұрпаққа тигізетін зиянын жан-жақты сараптап, саралап, арнайы заң жобасын әзірлеуі қажет.  
  2. Әлеуметтік желілер мен онлайн ойындарды пайдалану бойынша жас шектеулерін енгізу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға  гаджеттерді пайдалану уақытын белгілеубойынша тиісті ұсыныс әзірленуі керек.
  3. Ата-аналар үшін балаларының интернет әлеміндегі іс-әрекеттерін, өткізген уақытын қадағалауға мүмкіндік беретінбірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құруды ұсынамын.
  4. Жасөспірімдер арасында физикалық белсенділікті дамыту – интернетке тәуелділіктің алдын алудың тиімді жолдарын қарастыру қажет.

TIKTOK

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан кәмелетке толмағандарға TikTok-қа кіруге тыйым салуды ұсынған болатын