×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

Мемлекеттік аппарат бұрыннан барлық реформаға кедергі келтіріп келеді – Досым Сәтпаев

Бүгін, 08:41
Мемлекеттік аппарат бұрыннан барлық реформаға кедергі келтіріп келеді – Досым Сәтпаев
фото: kapital.kz

Саясаттанушы Досым Сәтпаев үкіметке сын айтып, реформалар жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев квазимемлекеттік сектор мен олигархтар Қазақстандағы бәсекелестікті жойып жатыр дегенге сенімді.

Қазақстан жағдайында біз ұзақ уақыт бойы тау етегінде тұрып, жабдықтарымызды мақтап, селфи жасап, көп ұзамай шыңға шығатынымызды айтып келеміз. Бірақ сол жерде тұрғанымызға 30 жыл болды. Бізде жаңа экономикалық саясат туралы сөз қозғалса да, билік ескі жүйені сақтап отыр – экономика әлі де шенеуніктердің қолында, ал бәсекелестікті квазимемлекеттік "зомби-компаниялар" мен олигархиялық топтар жоя береді. Жақында сенат спикері өз сұхбатында "Өзгер немесе құрисың" деген ұран қазір бұрынғыдан да өзекті екенін айтты. Бірақ бұл үндеу ең алдымен реформаларға ең үлкен кедергі келтіріп отырған мемлекеттік аппаратқа бағытталуы керек емес пе?

Өйткені бізде ЖІӨ өсімі үкіметтің басқарушылық қабілетіне мүлде тәуелді емес. Егер сатуға болатын шикізат болса, оның бағасы азды-көпті қолайлы деңгейде тұрса, басқарушылардың біліктілігінің ешқандай маңызы болмайды, – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Бұған дейін Досым Сәтпаев салық реформасына байланысты Қазақстанда әлеуметтік тұрақсыздықтың күрт өршу қаупі барын ескерткен. Сонымен қатар, қазақстандық саясаттанушы Дональд Трамптың Украинамен жүргізген келіссөздеріне талдау жасап, АҚШ көшбасшысын «тарихта ақымақ ретінде қалады» деп бағалаған.