«Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры Қалмұхамет Дөңсебаев сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҮКІМ
Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры Қалмұхамет Дөңсебаевқа қатысты үкім шығарды. Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оған бюджеттің 85,4 млн теңге көлемінде қаражатын ұрлады деген айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бұл ақшаны 2022-2023 жылдары ұрлаған. Сома оқу-жаттығу жиындарына бөлінген.
– Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексеріледі. Тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлады антикор.
ОЛ ЖАЙЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Қалмұхамет Донсебаев Үштөбеде дүниеге келген. 66 жаста. Ұшақтың екінші ұшқышы және командирі болып жұмыс істеген. 30 жылға жуық "Жетісу "авиакомпаниясы"АҚ президенті қызметін атқарды. Клуб директоры болып 2022 жылдың қаңтарында тағайындалды.