Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық қатынастардың достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің сәтті жүзеге асырылып жатқанын ерекше атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге Мәскеуге баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.