×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

Жүздеген көлік жолда қалды: Қарағандыда ат құлағы көрінбейтін боран

Бүгін, 22:44
Жүздеген көлік жолда қалды: Қарағандыда ат құлағы көрінбейтін боран
Видеодан алынған кадр

Қарағанды облыстық полиция департаменті ауар райының күрт бұзылуына байланысты өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда көлік қозғалысына шектеу енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек бораннан жүздеген көлік жолда қалып, құтқарушылардың көмәгіне мәжбүр болған.

Өңір трассаларында 719 жеңіл көлік, 605 жүк көлігі және 16 қоғамдық көлік жолда қалған. Ауа райының бұзылуы қозғалысты қиындатып, жол-көлік оқиғасын туындатты. Мәселен, Қарағанды-Теміртау жолында бірнеше көлік соқтығысқан үш жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ. Апатқа негізінен жолдың нашар көрінуі және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы себеп болды, - деп хабарлады полиция.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын ұзақ жолға шықпауға, жол ережесін сақтауға және маршруттарды жоспарлау кезінде ауа-райын ескеруге шақырады.