×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Қарағанды облысында бірден 10 көлік жол апатына түсті

Қарағанды облысында бірден 10 көлік жол апатына түсті

«Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолында 10 көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға 6 наурызда сағат 16:30-да «Теміртау – Қарағанды» автожол учаскесінде («Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолының 1449 шақырымы) болған. Алдын ала мәлімет бойынша қатты қар жауғаннан және жолда көру мүмкіндігі аз болғандықтан 10 автокөлік соқтығысып қалды.  

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР

Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, мән-жайлар нақтыланды.  

Сағат 17:00-де «Теміртау – Қарағанды» төлем ақы алу учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Жол белгілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнатылды.  

СЕБЕП

Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Қазавтожол жүргізушілерге сақ болуға, ауа райы жағдайларын ескеруге және жол қызметтерінің нұсқауларына бағынуға кеңес берді.