×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Алматы әуежайында адамды кепілге алған қаскөйдің тағы бір қылмысқа қатысы бар - полиция

Алматы әуежайында адамды кепілге алған қаскөйдің тағы бір қылмысқа қатысы бар - полиция
Ашық дереккөзден

Алматы әуежайында адамды кепілге алған қаскөй бұған дейін автобуста әйел адамды соққыға жыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Былтыр күдікті ер адам Алматыда автобуста әйел адамға тап беріп, оны соққыға жыққан. Алматы қалалық полиция департаменті екі іске де бір адамның қатысы бар екенін растады.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

- Бұған дейін күдікті қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Сот тергеу барысында бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу шарасын таңдады, дейді ПД өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен.

ӘУЕЖАЙДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Айта кетейік, Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берген болатын. Телеграмда ер адам әуежай қызметкерінің шашынан ұстап алып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқан видеосы тарады. Ер адамның қолында пышақ болған. 

Артынша белгісіз ер адам қаскөйге қызды жіберіп, кепіл ретінде өзін ұсынып, қасына келген. 

Желіде тараған видеоларда ер адам алдымен қаскөймен сөйлесіп тұрып, артынша қолындағы пышағын жұлып алады.