×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Биылғы 25 наурыздан бастап кейбір ұялы телефондар бұғатталады: не істеу керек

08.03.2025, 10:16
Биылғы 25 наурыздан бастап кейбір ұялы телефондар бұғатталады: не істеу керек
Tero Vesalainen/Shutterstock/Fotodom

2025 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеудің жаңа ережелері күшіне енеді. Заңсыз немесе жалған IMEI коды бар смартфондар бұғатталып, байланыс пен интернеттен ажыратылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еліміздің ІІМ смартфондардың бұғатталуына байланысты маңызды ақпарат таратты.

Енді смартфондар IMEI код арқылы тексеріледі, егер сіздің телефон “қара” тізімде болса, ол жұмыс істеуін тоқтатады. Байланыс, интернет және басқа да мобильді қызметтер істен шығады, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Осы орайда сала мамандары келеңсіз жағдайларға ұшырау үшін не істеу керектігін айтты.

БҰҒАТҚА ТҮСПЕУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Ұялы телефонды тек ресми сауда орындарынан (сатушылардан) немесе сенімді дүкендерден алу керек. Бұл жалған IMEI коды бар смартфон сатып алмау тәуекелін төмендетеді.

Сатып алмай тұрып құрылғының IMEI кодын тексеру керек. Биылғы 24 наурыздан бастап IMEI кодты алдын ала тексеру қызметі іске қосылады. IMEI кодты сервиске нгізіп, оның заңдылығына көз жеткізіңіз.

Смартфонды қолдан немесе күмәнді сайттардан онлайн сатып алудан аулақ болыңыз. Мұндай құрылғылар заңсыз әкелінуі мүмкін, сондықтан бұғатталып қалады.

СМАРТФОНДЫ БҰРЫН САТЫП АЛҒАНДАР НЕ ІСТЕЙДІ?

Егер сіз 2025 жылдың 24 наурызына дейін сатып алынған смартфонды қолдансаңыз және ол сәйкестендіру кодтардың дерекқорында тіркелсе, алаңдауға себеп жоқ, ондай құрылғылар жұмыс істей береді.

МҰНДАЙ ШАРАНЫ НЕГЕ ЕНГІЗІП ОТЫР?

Жаңа ереже құрылғыларды заңсыз әкелумен күресуге, тұтынушылардың құқығын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ұялы телефон ұрлығы мен алаяқтықты азайтуға көмектеседі.

ДЕРЕКТЕР НЕ ДЕЙДІ?

Криминалдық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері елімізде ұялы телефон ұрлаудың 474 фактісі тіркелген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 38,4%-ға төмен. Былтыр осы кезеңде 770 факт тіркелген. Құқық қорғау органдары қылмыстың бұлай төмендеуіне профилактикалық жұмыстарды тиімді жүргізу, соның ішінде азаматтарды хабардар ету және ұрланған құрылғыларды тез анықтау шаралары оң әсер еткен.

 

Серіктес жаңалықтары