АҚШ Сенатының республикалық партия мүшелері президент Дональд Трамптан Украинаға көрсетілген әскери көмекті қайта жандандыруды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
DW мәліметтері бойынша, АҚШ Сенатының республикашылары Трамптан Украинаға әскери және барлау көмегін тоқтата тұру туралы қабылдаған шешімдерінің күшін жоюды талап етті. Олардың пікірінше, Киевке қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізудегі ұзақ үзіліс Украинаның жауынгерлік мүмкіндіктеріне орасан зор әсер етуі мүмкін. Бұл оның Ресеймен келіссөздер жүргізу кезінде ұстанымына нұқсан келтіреді.
Сондай-ақ олар барлау деректерімен алмасуды дереу қайта жандандыру қажеттігін жеткізді. Өйткені Украинаны майдан даласынан келетін маңызды барлау ақпаратынан айыру АҚШ-қа ешқандай пайда әкелмейді.
Солтүстік Каролина сенаторы Том Тиллис Украинаға әскери көмекті тоқтата тұру тек Ресей президенті Владимир Путинге тиімді болуы мүмкін екенін айтты.
Сенаттың қаржы бөлі комитетінің төрағасы Сюзан Коллинз бұл сәтті «Украина үшін маңызды уақыт» деп атады және ол АҚШ-тың әскери көмегін тоқтата тұруға қарсы екенін білдірді.
Сенаттағы республикалықтардың көшбасшысы Джон Тун Украинаға әскери көмекті тоқтата тұру уақытша екенін атап өтті.
Менің ойымша, бұл келіссөздердің бір бөлігі және ол соғысты тоқтатады, - деді ол.
Бұған дейін Трамп Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында бірқатар мәлімдеме жасаған.