×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Димаштың жаңа бейнебаяны әйгілі Таймс-скверде көрсетілді

08.03.2025, 16:35
Димаштың жаңа бейнебаяны әйгілі Таймс-скверде көрсетілді
Фото: dimashnews.com

Нью-Йорктегі әйгілі Таймс-скверде Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің Love’s not over yet әніне түсірілген жаңа бейнебаяны көрсетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Dimashnews.com хабарлағандай, бұл керемет шоуды АҚШ-тың US Dears жанкүйерлер тобы ұйымдастырған. Бейнебаян үш жерде төрт экраннан көрсетілді, соның ішінде қос экранды бір платформа арқылы да көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл жер Таймс-сквердің дәл үстінде, метро станциясының жанында орналасқан, сондықтан оны көп адам көрді, - деп жазады басылым.

Үлкен экранда эфирге шықпай тұрып жанкүйерлер жалға алынған арнайы залда бейнебаянның тұсаукесер көрсетілімін тамашалады.

Айта кетейік, бұл бейнебаянының тұсаукесері 7 наурызда өткен.

Димаш Love is over Yet туындысын Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьевпен бірлесіп жазған.

Уолтер Афанасьев – америкаkық композитор, продюсер. 1958 жылы Бразилияда орыс эмигрантының отбасында дүниеге келген. Ол шығармашылық жолда Арета Франклин, Уитни Хьюстон, Барбара Стрейзанд, Лионель Ричи, Мэрайя Кэри және тағы басқа әйгілі әншілермен жұмыс істеді.

Сонымен қатар Афанасьев Селин Дион орындайтын My Heart Will Go On әнінің продюсерлерінің бірі.