Петропавл қаласында Ұлттық ұлан офицері айналасындағы адамдарға қару кезенген бұзақыға тойтарыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери қызметші туыстарының үйінен келе жатып қолында тапаншаға ұқсас зат ұстап алып адамдарға сермеп тұрған мас күйдегі кісіні байқаған.
Офицер әлгі адамның қасына дереу жетіп барады. Сол сәтте бұзақы қаруды әскери қызметшіге кезенген. Қоян-қолтық ұрыс әдістерін шебер қолданған капитан жас жігітке тойтарыс беріп, полиция келгенше тырп еткізбей ұстап тұрды, – деп жазылған хабарламада.
Соңында ұландық жауынгер бұзақыны ішкі істер қызмекеткерлерінің қолына тапсырған.