×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Ертең тұман түсіп, көктайғақ болады: синоптиктер ескерту жасады

08.03.2025, 19:03
Ертең тұман түсіп, көктайғақ болады: синоптиктер ескерту жасады
Ашық дереккөздерден алынды

Синоптиктер 9 наурызда еліміздің басым бөлігінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Астана қаласы

Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Абай облысы

Жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында қарлы жауын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысы

Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе облысы

Солтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Алматы облысы

Жауын-шашын болады. Облыстың оңтүстігінде, Алматы қаласының таулы аудандарында қар аралас жаңбыр жауады.

Атырау облысы

Оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысы

Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Желдің 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Жамбыл облысы

Солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Көктайғақ пен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екіпіні 15-20 м/с-тан кей жердерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. 

Қостанай облысы

Батысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Қызылорда облысы

Солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысы

Солтүстік-батысында тұман түседі, көктайғақ болады.

Павлодар облысы

Батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман болады. Батыстан жел соғады, желдің екіпіні - 15-20 м/с-қа дейін барады.

Түркістан облысы

Солтүстігінде, таулы аудандарында қарлы жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында желдің екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысы

Қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. 

Шығыс Қазақстан облысы

Қарлы жауын жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. 

Шымкент қаласы

Түнде жауын-шашын болады, тұман түседі.