×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Маңғыстауда өткен тәулікте коронавирус тіркелмеді

30.12.2021, 08:26
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 440 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 85, Алматы қаласы - 62, Шымкент қаласы - 11, Ақмола облысы - 34, Ақтөбе облысы - 3, Алматы облысы - 10, Атырау облысы - 18, Шығыс Қазақстан облысы - 14, Жамбыл облысы - 6, Батыс Қазақстан облысы - 11, Қарағанды облысы - 58, Қостанай облысы - 33, Қызылорда облысы - 4, Павлодар облысы - 44, Солтүстік Қазақстан облысы - 41, Түркістан облысы - 6 адам індетті жұқтырған болып отыр. Маңғыстау облысында өткен 24 сағатта аталған қауіпті дерт тіркелмеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 987 386 адамға жетті.

718 қазақстандық болса, коронавирустан емделіп шықты.

Осылайша, 30 желтоқсандағы жағдайды алсақ, 16 736 адам коронавирус инфекциясынан (14 746+ және 1 990 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 418 пациент стационарда, 14 318 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 217 адамның жағдайы ауыр, 69 пациенттің жағдайы өте ауыр, 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.

Серіктес жаңалықтары