Жетісу облысы, Ақсу ауданының Еңбек ауылы маңындағы мұсылмандар зиратына жайылған суды бұру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Өтенай ауылдық округінің әкімдігі шұғыл шаралар қабылдап, бейіт басында еріген қар суының алдын алу жұмыстарын жүргізді. Ауыл әкімі Руслан Малтаевтың айтуынша, 8 наурыз күні бейіт басында күндізгі сағат 14.00-ден бастап суды бұру және сору жұмыстары жүргізілген.
Бұл жұмысқа 2 арнайы техника, 8 адам жұмылдырылған. Ұзындығы 150 метрдей арық қазылып, қар суыдың 97%-ы бейіт басынан сыртқа шығарылды. Жағдай бақылауда, – деді Руслан Малтаев.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Еңбек ауылына жақын маңдағы мұсылмандар зиратына қарғын су кіргені туралы жазғанбыз.