Наурыздың 8-і күні Ыстамбул мэрі Экрем Имамоглу ресми түрде президенттікке таласатынын жеткізді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Республикалық халық партиясы атынан сайлауға түсетін Имамоглу президенттік кампаниясын Измирден бастады және мұнысы тегін емес. Бұл шаһарды ол «бірінші оқ ату мен соңғы жеңіс қаласы» деп атады. Содан кейін Ыстамбул мэрі Кайсериге барды.
Экрем Имамоглудың Х әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, ол азаматтарды тирандардың озбырлығына қарсы бірігуге және кемалистік партия мүшелерін 23 наурыздағы праймеризге белсенді қатысуға шақырды. Праймериз алдағы президенттік сайлауда партияның атынан додаға түсетін кандидатты анықтайды.
Ыстамбұл мэрі билік тарапынан қысым жасалып жатқанын да тілге тиек етті. Ол өзіне қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын жасармады. Атап айтқанда, қорлау, прокурорға қоқан-лоққы көрсеу, жалған диплом жасату сияқты істер қозғалған.
Сондай-ақ ол жақында билік оның айналасындағы 10-нан астам адамның мүлкіне тыйым салғанын (арест) атап өтті.
2014 жылдан бері менің бір ғана “қылмысым” бар – сайлауда жеңілмейтін Экрем Имамоглу болу. Сен мұны төрт рет бастан өткердің, сені алдыңда бесінші және соңғы жеңіліс күтіп тұр. Сен қанша тырыссаң да, сайлаудан қаша алмайсың, - деді Экрем Түркия президенті Ердоғанға.