×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Қазақ халқына мың да бір алғыс – Шерзаттың әпкесі үйлі болды

Бүгін, 12:51
Қазақ халқына мың да бір алғыс – Шерзаттың әпкесі үйлі болды
Скриншот

Талғарда төбелес кезінде ұлынан айырылған Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизат Нұрымованың отбасы баспанаға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында белсенді Димаш Қаматай баспанаға ие болған шаңырақта көпшілікке алғысын білдірді.

Бүгін қуанышты жаңалықты бөліскім келеді. Бүкіл қазақ халқы қолдап, жанашыр бауырларымыз ортақ іске үлесін қосып, қазір алты баланың батыр анасы және әкесі Перизат пен Айғазы үйлі болды. Сондықтан, қазақ халқына мың да бір алғыс айтқымыз келеді, – дейді ол.

Перизат та халқына алғысын айтты.

Перизат Нұрымова бұған дейін баспана алу үшін ақша жинап жатқанын растап, оның Қаржаубай Нұрымовқа қатысы жоғын мәлім еткен еді. Ол белсенді Димаш Қаматайдың парақшасы арқылы үндеу жариялаған.

ҚАРЖАУБАЙ НҰРЫМОВТЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Бұған дейін Талғардағы отбасыға меценеттар үй алып беретіні хабарланған болатын. Ulysmedia.kz тілшісі Қаржаубай Нұрымовпен сөйлесіп, үй мәселесі қалай реттеліп жатқанын сұрап білді.

Қаржаубай Нұрымовқа меценаттардың қолдауымен баспана алынып жатыр. Бұған дейін осы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Қаржаубай Нұрымов бұдан хабардар екен. Алайда баспана мәселесін өз күшіммен де шешуге қауқарлымын дейді.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда былтыр 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

12 желтоқсанда Нұрымовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

25 желтоқсан күні кешке адвокаттар Қаржаубай Нұрымовты отбасымен уақыт өткізіп, демалғысы келетінін айтып, уақытша ұстау абақтысынан алып кеткен.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.