Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні жоспарланған 84 рейстің 6-уы ұша алмай қалған. Бұған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты әуе кемелерінің кеш келуі себеп болған.
Сондай-ақ, келетін 86 рейстің 8-і кешігіп жатыр.
Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде ұшып-қону жолағы мен перрон тазаланып жатыр. Әуежайдың үздіксіз жұмыс істеуі үшін 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылған, – делінген ресми хабарламада.
Жолаушылар рейстердің мәртебесі мен мүмкін өзгерістерді авиакомпаниялардан немесе әуежайдың ресми сайтынан нақтылай алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде қатты жел тұратыны туралы ескерту жасаған болатын.