Қазақстанның мектептерінде көптен күткен көктемгі демалыс жақындап келеді. Оқушылардың көктемгі каникулы 21-31 наурыз аралығында өтеді. Жалпы, білім алушылар бұл кезеңде 11 күн демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
III тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ кезең болып саналады – оның ұзақтығы 10 оқу аптасын құрайды.
IV тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Оның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды.
Бұған дейін оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдерін бекіткен болатын.
Қазақстандық мектеп оқушылары үшін оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.