×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Ғылым министрі отқа жанбайтын отандық кәбілді көрсетем деп қолын күйдіріп алды

11.03.2025, 11:48
Ғылым министрі отқа жанбайтын отандық кәбілді көрсетем деп қолын күйдіріп алды
Ulysmedia

Қазір ғылым және жоғары білім министрі үкіметте баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. Ол жиын барысында Қазақстанның ғалымдары ойлап тапқан отандық өнімдерді журналистерге көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясат Нұрбек баспасөз мәслихаты барысында отандық ғалымдардың бірнеше өнімін көрсетті. Соның бірі – титаннан жасалған ұсақ құрылымдар. Ол адамның омыртқасына зақым келгенде пайдаға жарайтын инертті материал. Өнімді Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Үлбі металлургиялық зауытымен бірлесе жасаған. Осы өніммен келешекте бүкіл Қазақстанды 100 пайыз қамтып, кейін экспортқа шығару көзделген.

Саясат Нұрбектің сөзінше, бұл өнімдер отандық нарықта өте арзан болады. Өйткені қазір мұндай ұсақ құрылымдарды Қазақстан басқа мемлекеттерден кіргізіп жатыр.

Тағы бір отандық өнім – отқа жанбайтын кәбіл. Экспортқа Өзбекстанға ол тауар былтыр шығарылып қойған. Қазэлектромаш деген компанияның өнімі. Кәбілдер құрылысқа, логистикаға, теміржолдардың пайдасына жарайды. Министр кәбілдің шынында да отқа жанбайтынын көрсету үшін қалтасынан оттық алып шығып, кәбілдің өртенбейтінін көрсетті. Қолын күйдіріп алса да, отқа жанбайтынын дәлелдеп көрсетті.