×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

«Астана Опера» театрына жаңа директор тағайындалды

11.03.2025, 19:01
«Астана Опера» театрына жаңа директор тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып Александр Совостьянов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, Александр Александрович Совостьянов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары ол Nur Media медиахолдингінде, түрлі телевизиялық арналарда қызмет атқарған. 2013-2019 жылдары "Астана Опера" театрында байланыс және маркетинг жөніндегі директордың орынбасары болған. Бұл тағайындауға дейін "Астана Балет" театрының директоры қызметін атқарды.

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған.