Әлеуметтік желіде адам шошырлық бейнекадрлар тарады. Бейнежазба авторының сөзінше оқиға әнші Садраддиннің Шымкент қаласындағы концерті кезінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕГІН КОНЦЕРТКЕ ТАЛАС
Қазіргі уақыттағы сұранысқа ие әншілердің бірі Садраддин Шымкент қаласына барған. Бұл мейрамға орай ұйымдастырылған тегін концерт еді.
Сондықтан концертке келген халық санында есеп болмаған.
ШАШЫН ТАРТЫП ТӨБЕЛЕСКЕ ҰЛАСТЫ
Ең сорақысы тегін ән кешіне таласқандар бір-бірін таптап, итеріп дөрекілік танытқан. Тіпті ашулы әйелдердің бірі жолында тұрған кішкентай қыз баланың шашын жұлып алған.
ЖЕЛІ ОҚЫРМАНДАРЫ НЕ ДЕЙДІ
“Жабайылар”, “біздің халыққа тегін дегенді айтуға болмайды”, “кішкентай қыздың шашын жұлған адамды заң алдында жауапқа тарту керек”, “барып тұрған мәдениетсіздік” деп желі көрермендері Шымкент халқын әбден сынап тастаған.
САДРАДДИН БОЛАТҰЛЫ
Әнші Садраддин Болат 2003 жылы 4 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол қазақстандық танымал әнші, музыкант және ән авторы. Садраддиннің алғашқы синглы "Әлия" 2020 жылы шыққан және ол бірден отандық музыкалық орындаушылар арасында алғашқы орынға ие болды.