×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Астанада жемқорлардан қайтарылған 17 млрд теңгеге жаңа стадион салынады

Астанада жемқорлардан қайтарылған 17 млрд теңгеге жаңа стадион салынады
Фото: үкімет

Астанада заңсыз шығарылған активтен қайтарылған 17 млрд теңгеге жаңа стадион салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Астанадағы Қ. Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.  

СТАДИОН ТУРАЛЫ

Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр. 

СТАДИОНДЫ ПАЙДАЛАНУ

Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Үкімет оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтайлы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді дейді. 

ҚОРДАН АҚША ТАҒЫ НЕ ҮШІН БӨЛІНГЕН

Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салуға арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, 1 музыкалық мектепті қосқанда 7 мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.