×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Қазақстанда аяқ асты сотталып кетпеу үшін мына үш нәрседен аулақ болыңыз

Қазақстанда аяқ асты сотталып кетпеу үшін мына үш нәрседен аулақ болыңыз
Ulysmedia.kz коллажы

Заңгер Даяна Дүйсенбекова Қазақстанда аяқ асты сотталып кетпеу үшін үш нәрседен аулақ болу керегін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕПОСТ

Заңгердің сөзінше, әлеуметтік желіде қандай да бір жазбаны өз парақшаңызда бөліссеңіз - репост жасасаңыз түрмеге тоғытылуыңыз мүмкін. Яғни егер мемлекетке қарсы келетін, халықты көтеріліске шақырып, жаман идеологияны насихаттасаңыз сотталуыңыз мүмкін. 

БАСҚА ҰЛТТЫ ҚОРЛАУ

Екіншісі – өзге ұлт өкілдерінің тілініе, дініне тіл тигізсеңіз жаза арқалауыңыз мүмкін. Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша заң бұзған адам 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

СӘЛЕМДЕМЕЛЕР

Басқа адамға жақсылық жасаймын деп әуежай, вокзалдан біреудің сәлемдемесін алмаңыз. Себебі ол сәлемдеменің ішінде есірткі немесе басқа да заңсыз заттар болуы мүмкін. Ал сіз сол сәлемдемені жеткізуші адам ретінде сотталып кетуіңіз мүмкін.