×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Мейрамханалар ауызашар бағасын қымбаттатып жіберген: ҚМДБ мәлімдеме жасады

Мейрамханалар ауызашар бағасын қымбаттатып жіберген: ҚМДБ мәлімдеме жасады
Муфтият.кз

Мейрамханалардың ауызашар бағасын қымбаттатып жіберуіне байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМДБ мәліметінше, соңғы кездері еліміздегі бірқатар мейрамхана, кафелер мен дәмханалардың иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушіліктің туындауына себепші болуда.

- Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді. Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс. Қасиетті Құранда: «... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» делінген («Ағраф» сүресі, 31-аят). Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейрамхана, кафелер мен тамақтану орындарының иелеріне халыққа қолжетімді қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырады, делінген хабарламада. 

ОРАЗА

Еске салайық, ортақ пәтуаға сәйкес, биылғы қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталды. Наурыз айының 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.  

ҚАРЫЗҒА АЛЫП, АУЫЗАШАР БЕРУГЕ БОЛА МА

Наурызбай қажы Тағанұлы шамасы келген адам садақа және ауызашар беретінін айтты. 

Қарызға батып, ауызашар бергеннен гөрі, ауызашар беруге ниет қылып, кішкене құрма немесе бір жұтым су болсын – ауызашар ретінде берсе, соның өзі жеткілікті.

ОРАЗАНЫҢ ЕКІ ПАРЫЗЫ ҚАНДАЙ

Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы оразаның басты екі шартының біріншісі – ниет, екіншісі – таңсәріден күн батқанша ішуден, жеуден, төсек қатынастан тыйылу екенін атап өтті.