×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

USAID-тің Қазақстандағы 28 жобасы: оларды кімдер қанша ақшаға іске асырып жатыр

Бүгін, 17:46
USAID-тің Қазақстандағы 28 жобасы: оларды кімдер қанша ақшаға іске асырып жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан үкіметі USAID-тің Қазақстандағы жобаларын зерттей бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

USAID ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРЫП ЖАТЫР

Осыдан біршама уақыт бұрын мәжіліс депутаттары Қазақстанда USAID ұйымы іске асырған жобалардың бәрін зерттеуді талап етіп, үкіметке сауал жолдаған еді. Қазақстан халық партиясы мен Аманат партиясының депутаттарының бұл бастамасына жақында үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин жауап берген.

Жауапта аталып өткендей, Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне ұсынылған АҚШ мемлекеттік департаментінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда 2024 жылдан бері USAID-пен түрлі бағыт бойынша 28 ұзақ мерзімді бағдарлама іске асырып жатыр. Жалпы 2023-2024 жылы USAID тарапынан елдегі орындалып отырған бағдарламаларға 26,5 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл – экономика, энергетика, денсаулық сақтау, азаматтық қоғам және БАҚ саласына қатысты бағдарламалар. Жекелеген жобалар тек Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдерін де қамтиды.

ҚАЗАҚСТАНДА USAID КІМДЕРМЕН БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараты бойынша 2024-2025 жылдары USAID бағдарламаларын келесі отандық үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық ҮЕҰ-лар іске асырып жатыр. Олардың ішінде «Десента» ҚҚ, «Қадір-қасиет» ҚБ, ҚР «EURASIA FOUNDATION» өкілдігі, ҚР «Winrock International» өкілдігі, ҚР «Internews Network» өкілдігі, ҚР «Американдық адвокаттар қауымдастығы» өкілдігі бар.

Жұманғариннің жауабы бойынша, 2022 жылы салық кодексінің 29-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік кірістер комитеті өз интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін жариялайды. Ресми сәйкес, 2018-2024 жылдар аралығында USAID-тен қаржы және мүлік алғаны туралы мәлімет берген 8 ҮЕҰ анықталған.

USAID ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНЕ ДЕ КӨМЕКТЕСКЕН

Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы арқылы Қазақстанның кедендік инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында Қазақстанның мемлекеттікк кірістер комитетіне 385 818 400 теңге сомасында 12 дана серверлік жабдық тегін берілген.

«USAID бағдарламасының  компоненттерінің бірі – кедендік және шекаралық бақылау рәсімдерін жеңілдету. Комитет пен USAID бағдарламасы арасындағы ынтымақтастық аясында тек техникалық көмек қана көрсетілмей, жұмыс кездесулерін, отырыстарды, шетелдік сапарларды ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытқа дейін USAID қолдауымен екі жоба жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі – Орталық Азия мен Кавказ аумағында тауарларды транзиттеуді барынша жеңілдетуге бағытталған «Үздіксіз транзит» жобасы. Екіншісі – Орталық Азия елдері арасындағы алдын ала ақпарат алмасу жобасы», - дейді жауабында Жұманғарин.

БАҒАЛАУ ҮШІН ЗЕРТТЕЛЕДІ

Вице-премьер жауабында әділет министрлігі  қазір мемлекеттік органдарға зиянды «демеушілік» жобалардан балаларымызды қорғауды және психоэмоционалдық, менталдық, физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін заң жобасын әзірлеу мәселесін пысықтау үшін тиісті сұраныс жолдағанын хабарлайды.

«Қаржыландырылатын жобалар мен бағдарламаларды, олардың мақсаттарын, белгіленген мақсаттардың нақты нәтижелерге сәйкестігін зерделеу бойынша USAID қызметіне егжей-тегжейлі талдау жүргізу бөлігінде жұмыстар жалғасады. Атап айтқанда, USAID елдік стратегияларын және USAID-тың басқа ұйымдармен, соның ішінде үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасын, олардың USAID мақсаттарына ықтимал әсерін бағалау үшін зерттеледі. Бұдан басқа, ықтимал жасыру схемаларын, қаражатты пайдаланудағы сәйкессіздіктерді және мүдделер қақтығысын анықтау үшін қаржылық ағындарды талдау қажет», - дейді жауабында Жұманғарин.

ЖОБАЛАР ТІЗІМІ

USAID-пен серіктестік шеңберінде Қазақстанда іске асырылып жатқан 28 жобаның тізімі: