×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

Түркістанда 55 адам суши жеп уланған: қылмыстық іс қозғалды

Түркістанда 55 адам суши жеп уланған: қылмыстық іс қозғалды
pixabay.com

Түркістанда ауызашар уақытында суши мен пиццаға тапсырып беріп жеген 55 адам уланып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

КТК мәліметінше, уланғандардың қызуы көтеріліп, жүрегі айныған. Артынша көп ұзамай жедел жәрдем шақыртқан.

ТҰРҒЫНДАР НЕ ДЕЙДІ

— Иә, суши алдырып жеген. Сағат 11-де «бәріміз құстық» деді. Содан сағат 11 жарымда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Төрт-бес адам болған. Екі қыз бар, мектеп оқушысы. Қызымның жағдайы қазір жақсарды, жүкті еді. Бірінші жүктілігі, дейді тұрғын Шахноза Нарзуллаева. 

Суши, пица және чикен дайындайтын дәмхана түркістандықтар арасында аса танымал. Ауызашарға осы жерден фастфуд алдырып жүргендердің жүрегі айныған. Ауруханаға жеткізілген 55 адамның 12-сі кәмелетке толмаған бала. Арасында жүкті келіншек те бар.

Суши жеп уланғандар тағамнан бөтен иіс пен дәм сезбеген. Қазір фастфуд орталығы уақытша жабылып, есігі мөрленді.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Улану дерегімен полиция ҚР ҚК «санитария қағидасын немесе гигиена нормативін бұзу» бабымен іс қозғап, сараптама тағайындалды. Ал дәрігерлер әзірге ауруханада қалған 22 науқасты оқшауланған палатада емдеп жатыр.

— Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне 22 адам жатқызылды. Олардың барлығы тағамдық токсикоинфекция болжамдық диагноздары қойылды. Қазіргі таңда науқастардың барлығының жағдайы бірқалыпты. Ешқандай асқыну жоқ. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді Түркістан орталық ауруханасының бас дәрігері Бекзат Берденов.