×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

«Не сұмдық мынау?»: адам шошырлық қарқынмен қымбаттаған азық-түлік

Бүгін, 21:05
«Не сұмдық мынау?»: адам шошырлық қарқынмен қымбаттаған азық-түлік
Әлеуметтік желіден

Видеоны Нұрсейіт Жылқышыбай бөлісіп көпшілікке ой тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейнежазбада белгісіз бойжеткен азық-түлік пен үйге арналған тауарлардың бағасының қаншалықты өсіп кеткенін баяндайды. 

Видео авторының айтуынша ол қаңтардың екісінде ғана азық-түлікке тапсырыс берген. Арада екі ай өткенде дәл сол тауарлардың бағасын салыстырып қараған. 

Мысалы дәретхана қағазы екі ай бұрын 1455 теңге тұрса қазір 1874 теңгеге қымбаттаған. Фетакса ірімшігінің бағасы 1500 теңгеден 1900 теңгеге дейін өскен. Дәл осылай шұжық 60%-ға қымбаттаған. Кір жуатын ұнтақтың бағасы шамамен екі есеге жуық өскен. 

“Есімде бала кезімде 500 теңге беріп дүкенге жұмсайтын. Оған бір қап азық-түлік алып тіпті ақша артылып қалатын. Ал қазір ше? Қазір 500 теңгег киндер сюрприз де ала алмайсың,”- деп түйіндейді сөзін видео авторы. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев қосымша құн салығының азық-түлік бағасына әсері жайлы сұраққа жауап берген еді. 

БАҒАДАН ХАБАРЫҢЫЗ БАР МА

Ермек Көшербаев таяуда ғана вице-премьер қызметіне келген. Әлеуметтік салаға жауапты. Бүгін мәжілісте өңірлерді аралау кезінде халықты толғандыратын өзекті мәселелердің тізімі жиналғанын, сол бойынша қандай шешім қабылданатыны жайлы депутаттардың сұрақтарына жауап берген. Мәжіліс кулуарына шыққанда Ulysmedia.kz тілшісі қосымша құн салығы мен оның қымбатшылыққа әсері жайлы сұрақ қойды.

Қосымша құн салығы өссе, шағын бизнес құлдырап, мұның бәрі айналып кеп сол қарапайым қалтасына түседі деген қауіп бар. Өңірлерді айттыңыз. Сондағы халықтың әлеуметтік жағдайын көрдіңіз бе? Нан, ұн, қант бағасынан хабарыңыз бар ма? Салық өссе, жұртшылықтың жағдайы тіптен қиындап кетпей ме? – деп сұралды Көшербаевтан.

КӨШЕРБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Бұл сұраққа жауап берген Көшербаев азық-түлік болсын, қызмет көрсету болсын 2023-2024 жылдары болған өсіп бара жатқанын мойындайды.