×
518.53
588.17
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.53
588.17
6.39

«Болады деп ойлаймын»: АҚШ Гренландияны басып ала ма

14.03.2025, 00:10
«Болады деп ойлаймын»: АҚШ Гренландияны басып ала ма
Әлеуметтік желіден

Wall Street Journal басылымның бір дереккөзі ақ үйде Вашингтонға бұл стратегиялық маңызы бар аймақты алуға мүмкіндік беретін ықтимал механизмдер белсенді түрде талқыланып жатқанын айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Wall Street Journal-дың мәліметінше, Трамп Гренландияны әскери жолмен алуды да қарастырып отыр.

"Бұл болады деп ойлаймын. Бізге халықаралық қауіпсіздік үшін керек", — деді АҚШ президенті Дональд Трамп ақ үйде  НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесу барысында, деп хабарлайды NBC News.

Басылымның ақпараты бойынша, АҚШ әкімшілігінің өкілдері аралда америкалық әскери контингентті арттыру және кен өндіру компанияларымен келісім-шарттар жасасу мәселесін Даниямен талқылауға дайын екенін жеткізген. Алайда, Трамптың өзі "Гренландияны әскери жолмен алуды жоққа шығарудан бас тартқан", бұл оның ниетінің байсалдылығын айғақтайды.

Басылымның бір дереккөзі ақ үйде Вашингтонға бұл стратегиялық маңызы бар аймақты алуға мүмкіндік беретін ықтимал механизмдер белсенді түрде талқыланып жатқанын хабарлады.

WSJ дереккөздері сондай-ақ, АҚШ-тың Панама каналына бақылау орнату мәселесінде Панамаға қысым көрсетуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Ел билігі су жолы үстінен егемендігін сақтап қалуға тырысуда, алайда Трамп "каналды АҚШ құрамына қайтаруға" ниетті. Панаманың кейбір ымыраға келуіне ақ үй разы болғанымен, америкалық президент Вашингтонның осы аймақтағы ықпалын күшейтуге деген амбициясын жасырмайды.

Серіктес жаңалықтары