×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

63 қазақ блогері табысын ашық көрсетіп, өз еркімен салық төледі

63 қазақ блогері табысын ашық көрсетіп, өз еркімен салық төледі
Ulysmedia.kz коллажы

Мемлекеттік кірістер комитеті 63 қазақстандық блогер өз кірістерін өз еркімен декларациялағанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Комитет мәліметінше, 63 блогер 2,8 млрд теңге табысын декларациялап, 105 миллион теңге салық төлеген. 

- 13 наурыздағы жағдай бойынша, 63 блогерлер 2 768,4 млн теңге сомасына қосымша табыс декларациялады және 105 млн теңге сомасында салық төледі, делінген хабарламада. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін салықшылар ескертуінен кейін қазақ блогерлері 1,5 млрд теңге салық төлеген болатын. 

ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

Камералдық бақылау өз бетінше салық салынатын кіріс алатын барлық тұлғаға бірдей дәрежеде жүргізіледі. 2025 жылы камералдық бақылау нәтижесінде 80 000 жеке тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге хабарлама жолданған. 

БЛОГЕРЛЕР

Хабарлама алған жеке тұлғалардың қатарында блогерлер де бар. Олар хабарламаны алғаннан кейін әлеуметтік желілерде белсенділік танытты. Осыған байланысты әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, 80 000 жеке тұлғаның ішіндегі 594-і блогер екені анықталған.