×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмады – Тоқаев елдегі реформалар жайлы

14.03.2025, 15:49
Билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмады – Тоқаев елдегі реформалар жайлы
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда биліктегі өзгерістер жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

«Осыдан үш жыл бұрын наурыз айында арнайы Жолдау жарияладым, оны білесіздер. Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтердім. Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды», – дейді Тоқаев.

БИЛІК ЖАЙЛЫ

Президент сөзінде жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылып, үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарғанын айтұан.

Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр. Пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды. Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады. Түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін берді. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының 90 пайызы бір мандатты округтен, яғни тікелей дауыс беру арқылы сайланды. Билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмады, – дейді ол.

Тоқаевтың сөзінше, ел ішіндегі өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосқан. Жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырған. “Алқалы жиын алғашқы күннен бастап жалпыхалықтық жаңғырудың символына айналды. Қоғамдық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасты” дейді ол.