Алматыда 26 жастағы жігіт үйдің жиырмасыншы қабатынан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
ТАҢҒЫ ЖУЫҚ БОЛҒАН
Сұмдық жайтқа қатысты қазір тергеу жүріп жатыр.
Қайғылы жағдай «Мега Тауэрс» тұрғын үй кешенінде таңға жуық болған. Көбі шырт ұйқыда жатқандықтан мән-жайдан бейхабар. Тұрғындар тіпті марқұмды танымайтынын айтады. Жігіт кешендегі пәтерді тәулікке жалға алған көрінеді. Полиция адам өлімі бойынша тергеуді бастаған.
БҰҒАН ДЕЙІН
АЛМАТЫДАҒЫ "КОМФОРТ СИТИ" ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА
1990 жылы туған әйел өзінің төрт жасар ұлымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақыртылғанымен, әйел сол жерде көз жұмды. Ал оның 2021 жылы туған ұлы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.