Австралиядағы Коала қоры олардың санын 10 жылға жуық бақылап келген. 2018 жылдан бері олардың саны 30% азайған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
inshe.tv-нің хабарлауынша, ғалымдар жабайы табиғатта коалалардың 30 мыңы ғана қалса – жоғалып кетуі мүмкін екенін айтуда. Соңғы есептеулер бойынша, Австралияда 32 мың - 58 мың аралығында коала бар. Ал 2018 жылы олардың саны 46 мың - 82 мыңға аралығында болған.
Олар бұл елдің 47 аумағында жойылып кеткен, тек Мэйода ғана 5 мыңнан астам коала бар. Бар-жоғы 5-10 ғана коала өмір сүретін аудандар да бар.
Еске сала кетсек, үш жыл бұрын болған ірі орман өрттерінен ең көп зардап шеккен осы коалалар болды. Олардың саны күрт азаюы осымен байланысты.