×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Трамптың мәлімдемесі Гренландия халқын ашуландырды

Бүгін, 08:01
Трамптың мәлімдемесі Гренландия халқын ашуландырды
PT Hamilton/Shutterstock/FOTODOM

Гренландия парламентіне өткен партиялардың жетекшілері АҚШ президенті Дональд Трамптың аралды аннексиялау жөнінде айтқан сөздері орынсыз деп мәлімдеді және оның дау-дамай туғызу әрекетін айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

РИА Новости таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін Франс Пресс агенттігі хабарлағандай, бұрынғы Гренландия премьер-министрі Мате Эгед Трамптың аралды аннексиялау жоспары туралы айтқандарына жауап ретінде партия жетекшілерінің кездесуін ұйымдастыратынын мәлімдеді.

Біз - барлық партия төрағалары Гренландияны аннексиялау және бақылау туралы бірнеше рет айтылған сөздерді қабылдай алмаймыз… Біз біз дау-дамай туғызуға тырысқан әрекеттерді айыптаймыз, - делінген Гренландия үкіметінің сайтында жарияланған партия жетекшілерінің бірлескен мәлімдемесінде.

Сонымен қатар аталған мәлімдемеде мұндай сөздер САКҰ-ның (НАТО) достары мен одақтастарына қолайсыз екендігі айтылған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны аннексиялау туралы айтқан.