×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Белградтағы ауқымды митинг: наразылық шеруіне қатысқандар саны 100 мыңнан асты

Бүгін, 07:10
Белградтағы ауқымды митинг: наразылық шеруіне қатысқандар саны 100 мыңнан асты
Mitar Mitrovic/Reuters

Кеше, 15 наурызда Белградта аса ауқымды митинг өтті. Сербия ІІМ-нің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлық пен үкіметке қарсы шеруге 107 мың адам шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia DW-ге сілтеме жасап.  

ЕҢ АУҚЫМДЫ ШЕРУ

Наразылық акциясына қатысқандардың дені жастар, оның ішінде студенттер мен жұмысшы мамандық иелері. Сондай-ақ фермерлер, байкерлер және өзге де тұрғындар бар. Бұл былтыр қарашада наразылық басталғалы бері өтіп отырған ең ауқымды шеру.

Наразылық акциясы жергілікті уақытпен 16.00-де (Астана уақытымен 20.00) басталды. Оны студенттердің бірлестіктері ұйымдастырды, олар наразылық білдіруші барлық адамды өздерінің қатарына қосылуға шақырды. Сербия құқық қорғау органдары парламент ғимаратының алдына шамамен 60 мыңға жуық адам келеді деп күткен. Бірақ шерушілердің саны одан да көп болды.

Митингке қатысушылар елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шығып, президент Александр Вучичтің қызметтен кетуін талап етті. Ал Вучич наразылық акцияларын заңсыз деп атады.

НАРАЗЫЛЫҚ НЕДЕН БАСТАЛДЫ

Бұған дейін жазғанымыздай, Сербиядағы наразылықтың тұтануына Нови-Сад қаласының теміржол вокзалындағы қайғылы оқиға түрткі болды. Вокзалдағы бетон төбенің құлауынан 15 адам қаза тапқан. Адамдар бұл жағдайға елді жайлаған сыбайлас жемқорлықты айыптады, өйткені станция екі жыл бұрын ғана жөнделген және оны Вучичтің өзі ашқан. Қайғылы жағдайдан кейін студенттер мен азаматтық белсенділер әділетті тергеуді, кінәлілерді жазалауды және мемлекеттік институттарды реформалауды талап ете бастады. Наразылық аясында Сербия премьер-министрі Милош Вукчевич қызметінен кеткен.