АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен қашан телефон арқылы сөйлесетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Трамптың сөзінше, ол Путинмен 18 наурызда сөйлесуі мүмкін.
- Сейсенбі күні президент Путинмен сөйлесуім мүмкін, дейді Трамп.
Ол Путинмен шекара мәселесін талқылауы мүмкін.
- Менің ойымша, біз шекара туралы, электр станциялары туралы сөйлесетін боламыз, өйткені бұл үлкен мәселе. Біз мұны қаншалық тоқтата алатынымызды талқылағымыз келеді. Меніңше, бізде ол үшін толық мүмкіндіктер бар, деді Трамп.