×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Бағаны бір уақытта қымбаттатқан: байланыс операторлары сөз байласты деген күдікке ілінді

Бүгін, 14:15
Бағаны бір уақытта қымбаттатқан: байланыс операторлары сөз байласты деген күдікке ілінді
Ulysmedia.kz коллажы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларын сөз байласты деп күдіктеніп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына берген жауабында айтты. Ол қазір Қазақстанда үш ұялы байланыс операторы – Kcell, Tele2 және Beeline жұмыс істейтінін және олардың нарықтағы үлестері шамамен тең екенін атап өтті.

Олардың әрқайсысы нарықтың шамамен 30-40%-ын иеленеді. Былтыр біз жақсы жұмыс атқардық, монополистердің бірін саттық. Tele2 шетелдік инвесторларға сатылды. Енді жаңа ойыншының пайда болатынын ескере отырып, нарықтың қалай дамитынын бақылаймыз, – деді ол.

Шенеунік БҚДА байланыс операторларының іс-әрекеттерінен сөз байласу белгілерін байқап отырғанын мәлімдеді.

Кейінгі бірнеше жылда бізге көп шағым түсті. Біз нарықты талдап, тарифтердің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Соңғы екі жылда барлық дерлік операторлардың тарифтері көтерілді. Қазір біз сөз байласу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз. Біздің анықтауымызша, олар бағаны бір мезетте күрт көтере бастаған. Антимонополиялық салада бұл «сөз байласу» деп аталады. Біз дәл қазір осыны зерттеп жатырмыз, – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, БҚДА төрағасының орынбасары агенттік қазіргі жағдайды мұқият талдап жатқанын айтты. Оның сөзінше, операторлардың біріне монополиялық жоғары баға қою фактісі бойынша тергеу басталуы мүмкін.