×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

"Әнипа Назарбаеваның адамдары" - кәсіпкер "Кенжехан" базарының басшылары туралы айтты

"Әнипа Назарбаеваның адамдары" - кәсіпкер "Кенжехан" базарының басшылары туралы айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыдағы әйгілі "Кенжехан" базарында саудамен айналысқан кәсіпкер қазіргі уақытта сауда орталығының иесі кім екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Елена Садвакасов есімді кәсіпкер “Алтынбас” YouTube-арнасына берген сұхбатында базарда сауда жасау үшін орынды қыруыар ақшаға сатып алу керегін айтты. Бірақ кәсіпкерлер қомақты ақша төлеп, сауда жасайтын орынды сатып алғанымен жөні түзу жағдай жасалмаған. Оларға тек темір контейнер берілетін. 

Әнипа Назарбаева “Кенжеханды” сатып жібергеннен кейін кәсіпкерлерге өзге біреулер келіп, тағы төлем жасауды талап еткен. Кәсіпкерлер өз көонтейнерін тағы миллиондаған ақшаға сатып алуға мәжбүр болған. 

“КЕНЖЕХАН” КІМДІКІ

Кәсіпкер әйел қазіргі таңда базарды кім басқаратынын айтты. 

- Базар әкімшілігін Ким Сергей басқарады. Қазіргі таңда базардың иесі кім екені белгісіз. Розенберг есімді директор болатын, ал қазіргісі Манушина – оның әйелі. Бір қызық жағдай өзі. Базардың иесі әлі күнге дейін Әнипа Назарбаева секілді көрінеді. Себебі қыруар ақша тауып отырған “майшелпекті” оңайлықпен бере қойғанына сену қиын. Ким Сергей Назарбаеваның күйеубаласы Азамат Жылқыбаевпен жақсы араласады, дейді кәсіпкер. 

ДЕПУТАТ 

Еске салайық, 2023 жылы мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы депутаттық сауалында Алматының барахолка базарында сауда жасайтын қандастардың мәселесін көтерген болатын. Ол депутаттық сауалға әділетсіздіктің шырмауына шырмалып, шырғалаңнан шыға алмай қалған азаматтардың көз жасы себеп екенін айтты.

Барахолкадағы саудагерлерден депутаттардың атына келген мына арызға сүйенсек, соңғы 10 жылға жуық уақытта «Кенжехан» базарының иесі Назарбаева Әнипа Әбішқызы болған делінеді. Оның жанындағы адамдар базардағы әр сауда орнын 10 мың АҚШ долларына сатқан. Алайда сату-сатып алу жөніндегі келісімшартты жасамай тек контейнердің паспортын берген. «Келісімшарт талап еткен жандарды «біз базарға мәңгі иелік етеміз, уайымдамаңдар» деп қайтарған. Саудагерлердің дерегінше, аталған базарда 1000-ға жуық контейнер бар, әрі қарай есебін шығара беріңіздер, деді депутат.

Депутат саудагерлердің 3 талабы бар екенін айтты.