Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
18 наурызда таңғы 07:00 шамасында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы 100 метр, ал биіктігі 50 см болды.
ШЕКТЕУ
Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.
МОНИТОРИНГ
Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.